"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 1тармағының 3) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 18.04.2018 № 303-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар айқындалсын.
3. "Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада бекітілген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 18.04.2018 № 303-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары М. Мейірбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Р. Өтешов |
Арал ауданы әкiмдігiнiң 2018 жылғы "15" ақпан № 259-қ қаулысына қосымша |
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар
№ | Атауы |
1 | Жұмыстар: |
1.1. | Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |