"Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 54-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 408-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 қазанда № 6489 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 54-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5477 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 сәуірінде "Толқын" газетінде және 2016 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі кодексінің 221-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қылмыстық істер бойынша тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйым болып "Арал аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Арал аудандық ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айқындалсын.".

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Арал аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ М. ОРАЗБАЕВ

О внесении изменений в постановление акимата Аральского района от 14 марта 2016 года № 54-қ "Об определении организации для хранения вещественных доказательств, подвергающихся быстрой порче"

Постановление Аральского районного акимата Кызылординской области от 11 октября 2018 года № 408-қ. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 29 октября 2018 года № 6489

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Аральского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Аральского района от 14 марта 2016 года № 54-қ "Об определении организации для хранения вещественных доказательств, подвергающихся быстрой порче" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5477, опубликовано 27 апреля 2016 года в газете "Толқын" и 26 мая 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с четвертой частью статьи 221 кодекса Республики Казахстан от 4 июля 2014 года "Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан" акимат Аральского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:"

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Определить организацией для хранения вещественных доказательств, подвергающихся быстрой порче по уголовным делам коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Аральская районная ветеринарная станция" Аральского районного отдела ветеринарии.".

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Коммунальному государственному учреждению "Аральский районный отдел ветеринарии" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      АКИМ РАЙОНА М. ОРАЗБАЕВ