"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 54-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5477 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 сәуірінде "Толқын" газетінде және 2016 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі кодексінің 221-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қылмыстық істер бойынша тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйым болып "Арал аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Арал аудандық ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айқындалсын.".
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Арал аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | М. ОРАЗБАЕВ |