Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 54-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 сәуірде № 5477 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі кодексінің 221-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 11.10.2018 № 408-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қылмыстық істер бойынша тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйым болып "Қызылорда облысының ветеринария басқармасының "Арал аудандық ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 09.09.2020 № 95-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Алынып тасталды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 09.09.2020 № 95-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ А. МҰХИМОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады