Маңғыстау облысының Ақтау қаласында және Бейнеу ауданында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 119 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 маусымда № 3646 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді-Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.02.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-1 "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 01-43/140 ұсынысының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласының 12 шағын ауданында орналасқан "Мұнайшы" спорт кешенінің аумағындағы автомобиль жолының бойында - 0,259 га, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы Байбоз көшесі бойында – 0,001 га арамшөп – у кекіремен, Бейнеу ауылының Ерқосай көшесі бойында - 0,33 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,08 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,034 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,034 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,014 га арамшөп – арамсояумен залалданған карантиндік объектілердің анықталуына байланысты, көрсетілген аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.02.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қоса беріліп отырған карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      3. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Жүсіповке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов

      Ескерту: аббревиатураның ажыратылып жазылуы:

      га – гектар.

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақтау қаласының әкімі

      Ғ. Ниязов

      "28" мамыр 2018 ж.

      Бейнеу ауданының әкімі

      Б. Әбілов

      "28" мамыр 2018 ж.

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы Министрлігі

      Агроөнеркәсіптік кешендегі

      мемлекеттік инспекция комитетінің

      Маңғыстау облыстық аумақтық

      инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің

      басшысының міндетін атқарушы

      Ж. Амантұрлыев

      "28" мамыр 2018 ж.

      "Маңғыстау облысының

      ауыл шаруашылығы басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.С. Қалдығұл

      "28" мамыр 2018 ж.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы "28" мамырдағы
№ 119 қаулысымен бекітілген

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

1.

Жер пайдаланушылар арасында карантинді объектілердің алдын алу, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Үнемі

Ақтау қаласының әкімдігі, Бейнеу ауданының әкімдігі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы"мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

2.

Карантиндi аймақ туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жолымен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар туралы тұрғындарға хабарлау

Үнемі

Актау қаласының әкімдігі, Бейнеу ауданының әкімдігі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

3.

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу (карантинді объектілерді химиялық өңдеу, карантинді объектілерді қолмен және механикалық тәсілдермен жою)

Вегетация кезеңінде

Ақтау қаласының әкімдігі, Бейнеу ауданының әкімдігі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

4.

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету

Карантинді объектілерді таралу ошақтарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)


Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима в городе Актау и Бейнеуском районе Мангистауской области

Постановление акимата Мангистауской области от 28 мая 2018 года № 119. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 14 июня 2018 года № 3646.

      Сноска. Заголовок в редакции на русском языке, текст на государственном языке не меняется в соответствии постановлением акимата Мангистауской области от 26.02.2021 № 47 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 14 Закона Республики Казахстан от 11 февраля 1999 года № 344-1 "О карантине растений" и на основании представления Мангистауской областной территориальной инспекции Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 марта 2018 года № 01-43/140, акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. В связи с выявлением карантинных объектов, зараженных сорными растениями -горчаком ползучим – 0,259 га вдоль автомобильной дороги на территории спортивного комплекса "Мунайшы", расположенного в 12 микрорайоне города Актау, 0,001 га по улице Байбоз села Бейнеу Бейнеуского района; - повиликой - 0,33 га по улице Еркосай села Бейнеу, 0,08 га во дворе коммунального государственного учреждения "Бейнеуский лицей" Отдела образования по Бейнеускому району Управления образования Мангистауской области, 0,034 га во дворе коммунального государственного учреждения "Общеобразовательная школа имени Жумагали Калдыгараева" Отдела образования по Бейнеускому району Управления образования Мангистауской области, 0,034 га во дворе коммунального государственного учреждения "Бейнеуская гимназия" Отдела образования по Бейнеускому району Управления образования Мангистауской области, 0,014 га во дворе коммунального государственного учреждения "Общеобразовательная школа имени Ы. Алтынсарина" Отдела образования по Бейнеускому району Управления образования Мангистауской области установить карантинную зону с введением карантинного режима на указанных территориях.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления акимата Мангистауской области от 26.02.2021 № 47 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Утвердить прилагаемый план мероприятий по локализации и ликвидации очагов распространения карантинных объектов.

      3. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Мангистауской области" (С.С. Калдыгул) обеспечить официальное опубликование данного постановления в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и размещение в средствах массовой информаций и на интернет-ресурсе акимата Мангистауской области.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Жусупова Б.К.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Е. Тугжанов

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      га-гектар.

 

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким города Актау

      Г. Ниязов

      "28" мая 2018 г.

      Аким Бейнеуского района

      Б. Абилов

      "28" мая 2018 г.

      Исполняющий обязанности

      руководителя государственного учреждения

      "Мангистауская областная

      территориальная инспекция

      Комитета государственной инспекции

      в агропромышленном комплексе

      Министерства сельского хозяйства

      Республики Казахстан"

      Ж. Амантурлиев

      "28" мая 2018 г.

      Руководитель

      государственного учреждения

      "Управление сельского хозяйства

      Мангистауской области"

      С. Калдыгул

      "28" мая 2018 г.

  Утвержден постановлением
акимата Мангистауской области
от "28" мая 2018 года № 119

План мероприятий по локализации и ликвидации очагов распространения карантинных обьектов

Наименование мероприятий

Срок выполнения

Ответственные за исполнение

1

2

3

4

1.

Проведение разъяснительной работы среди землепользователей по профилактике карантинных объектов, локализации и ликвидации очагов распространения карантинных объектов

Постоянно

Акимат города Актау, акимат Бейнеуского района, государственное учреждение "Мангистауская областная территориальная инспекция Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (по согласованию), государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Мангистауской области"

2.

Оповещение населения о мероприятиях по карантину растений путем опубликования в средствах массовой информации материалов о карантинной зоне

Постоянно

Акимат города Актау, акимат Бейнеуского района, государственное учреждение "Мангистауская областная территориальная инспекция Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (по согласованию), государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Мангистауской области"

3.

Проведение комплекса мероприятий по ликвидации очагов распространения карантинных объектов (химическая обработка против карантинных объектов, уничтожение карантинных объектов ручными и механическими способами)

В период вегетации

Акимат города Актау, акимат Бейнеуского района, государственное учреждение "Мангистауская областная территориальная инспекция Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (по согласованию), государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Мангистауской области"

4.

Обеспечение государственного контроля и надзора за осуществлением мероприятий по карантину растений

После окончания работ по ликвидации очагов распространения карантинных объектов

Государственное учреждение "Мангистауская областная территориальная инспекция Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (по согласованию)