Ескерту. Қаулының орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді-Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.02.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-1 "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 01-43/140 ұсынысының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласының 12 шағын ауданында орналасқан "Мұнайшы" спорт кешенінің аумағындағы автомобиль жолының бойында - 0,259 га, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы Байбоз көшесі бойында – 0,001 га арамшөп – у кекіремен, Бейнеу ауылының Ерқосай көшесі бойында - 0,33 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,08 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,034 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,034 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,014 га арамшөп – арамсояумен залалданған карантиндік объектілердің анықталуына байланысты, көрсетілген аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.02.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қоса беріліп отырған карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Жүсіповке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. Тоғжанов |
Ескерту: аббревиатураның ажыратылып жазылуы:
га – гектар.
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақтау қаласының әкімі
Ғ. Ниязов
"28" мамыр 2018 ж.
Бейнеу ауданының әкімі
Б. Әбілов
"28" мамыр 2018 ж.
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Маңғыстау облыстық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы
Ж. Амантұрлыев
"28" мамыр 2018 ж.
"Маңғыстау облысының
ауыл шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С.С. Қалдығұл
"28" мамыр 2018 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы "28" мамырдағы № 119 қаулысымен бекітілген |
Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ | Іс-шаралар атауы | Орындау мерзімі | Орындауға жауаптылар |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жер пайдаланушылар арасында карантинді объектілердің алдын алу, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу | Үнемі | Ақтау қаласының әкімдігі, Бейнеу ауданының әкімдігі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы"мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
2. | Карантиндi аймақ туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жолымен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар туралы тұрғындарға хабарлау | Үнемі | Актау қаласының әкімдігі, Бейнеу ауданының әкімдігі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
3. | Карантинді объектілердің таралу ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу (карантинді объектілерді химиялық өңдеу, карантинді объектілерді қолмен және механикалық тәсілдермен жою) | Вегетация кезеңінде | Ақтау қаласының әкімдігі, Бейнеу ауданының әкімдігі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
4. | Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету | Карантинді объектілерді таралу ошақтарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |