Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 119 "Маңғыстау облысының Ақтау қаласында және Бейнеу ауданында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 47 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 наурызда № 4461 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 119 "Маңғыстау облысының Ақтау қаласында және Бейнеу ауданында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3646 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қаулының орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ақтау қаласының 12 шағын ауданында орналасқан "Мұнайшы" спорт кешенінің аумағындағы автомобиль жолының бойында - 0,259 га, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы Байбоз көшесі бойында – 0,001 га арамшөп – у кекіремен, Бейнеу ауылының Ерқосай көшесі бойында - 0,33 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,08 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,034 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,034 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,014 га арамшөп – арамсояумен залалданған карантиндік объектілердің анықталуына байланысты, көрсетілген аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.".

      2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырыуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Ниязовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

      Ескерту: аббревиатураның ажыратылып жазылуы:

      га – гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады