Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 27.08.2019 № 582 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2018-2019 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Жаңаөзен қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Т. Жумалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Танаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ә. Дауылбаев |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің | |
2018 жылғы "21" қарашадағы | |
№ 618 қаулысына қосымша |
2018-2019 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім алушылар саны | 2018 жылы айына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге | 2019 жылы айына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | 175 | 24371,1 | 25048 |