2018-2019 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қарашадағы № 618 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 3768 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 582 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 27.08.2019 № 582 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2018-2019 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Жаңаөзен қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Т. Жумалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Танаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Дауылбаев

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2018 жылғы "21" қарашадағы
  № 618 қаулысына қосымша

2018-2019 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім алушылар саны

2018 жылы айына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

2019 жылы айына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

175

24371,1

25048


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады