Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2019 жылға арналған Жаңаөзен қаласының орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "2018-2019 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қарашадағы № 618 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3768 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Жаңаөзен қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ы. Құлатай) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Нұрдәулетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қала әкімі | А. Дауылбаев |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің | |
2019 жылғы "27" тамыздағы | |
№ 582 қаулысына қосымша |
2019 жылға арналған Жаңаөзен қаласының орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім алушылар саны | 2019 жылы айына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | 175 | 15295 |