РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейнеу ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2017 жылғы 17 мамырдағы №94 "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3379 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған):
кіріспе бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 36-1 бабына сәйкес, барлық кандидаттар үшін тең құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында, Бейнеу аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
2) Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 30.07.2021 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Г.Бақытова) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Әбілов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бейнеу аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
Аймағамбет Күләнда
"12" 02 2018 жыл