Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 94 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 маусымда № 3379 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 19.07.2018 № 259 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру тапсырылсын.

      3. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Бейнеу ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 9 қыркүйектегі № 111 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-3-125 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 қазандағы "Рауан" газетінде жарияланған);

      2) Бейнеу ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 59 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2258 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 шілдедегі "Рауан" газетінде жарияланған).

      4. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ү.Әмірханова) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы К.Машырықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының төрайымы

      Аймағамбет Күләнда

      " 17 " 05 2017 жыл

  Бейнеу ауданының әкімдігінің
2017 жылғы 17 мамырдағы № 94
қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 19.07.2018 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 13.09.2023 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен;

Елді мекен атауы

Орналасқан жері

1.

Ақжігіт ауылы

"Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы тақта

2.

Бейнеу ауылы

"Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамының №239900 Маңғыстау облыстық филиалының және Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Бейнеу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараттарының жанындағы тақта

3.

Боранқұл ауылы

орталық базардың жанындағы тақта
Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйінің ғимаратының жанындағы тақта

4.

Есет ауылы

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубының ғимаратының жанындағы тақта 

5.

Сам ауылдық округінің Ноғайты ауылы
Сам ауылдық округінің Сам ауылы

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Бейнеу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының жанындағы тақта
"Қазпошта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалы ғимаратының жанындағы тақта

6.

Сарға ауылы

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйінің ғимаратының жанындағы стенд

7.

Сыңғырлау ауылы

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубының ғимаратының жанындағы тақта

8.

Тәжен ауылы

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Бейнеу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының жанындағы тақта

9.

Төлеп ауылы

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубының ғимаратының жанындағы стенд

10.

Тұрыш ауылы

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубының ғимаратының жанындағы тақта


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады