"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Амангелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 64 "Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6648 тіркелген, 2016 жылғы 21 қазанда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған);
2017 жылғы 23 ақпандағы № 96 "Мәслихаттың 2016 жылғы 08 қыркүйектегі № 64 "Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6945 тіркелген, 2017 жылғы 7 сәуірде "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен сессия төрағасы | Д. Есмағамбетова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ. Кеделбаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Амангелді ауданы әкімдігінің тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Р. Искаков