"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Денисов аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
2015 жылғы 19 маусымдағы № 66 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5728 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2016 жылғы 1 сәуірдегі № 17 "Мәслихаттың 2015 жылғы 19 маусымдағы № 66 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6322 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясының төрағасы |
С. Шерер |
Денисов аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Мұрзабаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Денисов ауданының жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ С.А. Жанғабулов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Денисов ауданы
бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________________ С.Н. Жалаушыбаев