Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 66 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 шілдеде № 5728 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 175 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 15.03.2018 № 175 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес және жерлерді аймақтауға бөлу схемасы негізінде, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. № 5 аймақта орналасқан жер учаскелерінде мөлшерлемелері 10 пайызға төмендетілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 01.04.2016 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2016 бастап туындаған қатынастарға таратады).

      2. Мөлшерлемелері жоғарылатылсын:

      № 7 аймақта 10 пайызға;

      № 8 аймақта 20 пайызға;

      № 9 аймақта 30 пайызға;

      № 10 аймақта 40 пайызға;

      № 11 аймақта 50 пайызға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 01.04.2016 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2016 бастап туындаған қатынастарға таратады).

      3. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 ақпандағы № 14 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5473 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірдегі "Наше время" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс
      сессиясының төрағасы Ж. Ахметов
      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Мұрзабаев

      КЕЛІСІЛДІ
      "Денисов ауданының жер қатынастары
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      _____________ С. А. Жанғабулов
      2015 жыл "19" маусым
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігінің Мемлекеттік кірістер
      комитеті Қостанай облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер департаментінің
      Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік
      кірістер басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________ Ә. Ж. Әкіжан
      2015 жыл "19" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады