Мәслихаттың 2015 жылғы 19 маусымдағы № 66 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 17 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 мамырда № 6322 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 175 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 15.03.2018 № 175 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 19 маусымдағы № 66 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5728 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдедеғі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1, 2-тармақтарындағы "автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда жер салығының базалық" мәтіні аланып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясының төрағасы
К. Досмұхамедов
      Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Мұрзабаев

      "Денисов ауданының жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ___________________ С.А. Жанғабулов

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Денисов ауданы бойынша

      Мемлекеттік кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      _______________________ Ә.Ж. Әкіжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады