Денисов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 175 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 7688 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Денисов аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      2015 жылғы 19 маусымдағы № 66 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5728 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2016 жылғы 1 сәуірдегі № 17 "Мәслихаттың 2015 жылғы 19 маусымдағы № 66 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6322 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
кезекті тоғызыншы
сессиясының төрағасы
С. Шерер
      Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Мұрзабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Денисов ауданының жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________________ С.А. Жанғабулов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

      Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер

      департаментінің Денисов ауданы

      бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

      __________________________ С.Н. Жалаушыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады