"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Денисов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 18 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6312 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессиясының төрағасы, | |
Денисов аудандық мәслихатының хатшысы | А. Мұрзабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________________ С.А. Жанғабулов
2018 жыл "6" маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Денисов ауданы
бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________________ С.Н. Жалаушыбаев
2018 жыл "6" маусым