Денисов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 18 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 202 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 маусымда № 7869 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Денисов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 18 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6312 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессиясының төрағасы,
      Денисов аудандық мәслихатының хатшысы А. Мұрзабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________________ С.А. Жанғабулов

      2018 жыл "6" маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

      Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер

      департаментінің Денисов ауданы

      бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

      __________________________ С.Н. Жалаушыбаев

      2018 жыл "6" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады