Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 06.06.2018 № 202 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
3. Мәслихаттың 2015 жылғы 19 маусымдағы № 67 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5729 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Аудандық мәслихаттың | |
кезектен тыс сессиясының төрағасы | К. Досмұхамедов |
Денисов аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Мұрзабаев |
қатынастары бөлімі"мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ С. А. Жанғабулов
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________________ Ә. Ж. Әкіжан