"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
2015 жылғы 13 сәуірдегі № 273 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5577 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған);
2016 жылғы 1 наурыздағы № 356 "Мәслихаттың 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 273 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6244 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы | Қ. Муқанов |
Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы | С. Қазиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Қ. Рахметов
2018 жылғы 2 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарасу ауданы әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Д. Тұрсынбаева
2018 жылғы 2 ақпан