Мәслихаттың 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 273 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 2 ақпандағы № 197 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 ақпанда № 7520 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      2015 жылғы 13 сәуірдегі № 273 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5577 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған);

      2016 жылғы 1 наурыздағы № 356 "Мәслихаттың 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 273 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6244 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы Қ. Муқанов
      Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы С. Қазиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік

      кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________ Қ. Рахметов

      2018 жылғы 2 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарасу ауданы әкімдігінің жер

      қатынастары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _________________ Д. Тұрсынбаева

      2018 жылғы 2 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады