Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 273 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 сәуірде № 5577 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 2 ақпандағы № 197 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 02.02.2018 № 197 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабының 1–тармағымен, 379, 381, 383 бабыларымен және Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес өткізілген жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381, 383-баптарында белгіленген автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станциялары, казино орналасқан үшін бөлінген, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығының мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 01.03.2016 № 356 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Жер салығының базалық ставкаларының өзгерістер туралы" аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 ақпандағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-13-102 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 24 наурыздағы "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған), мәслихаттың 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 387 "Мәслихаттың 2010 жылғы 3 ақпандағы № 211 "Жер салығының базалық ставкаларының өзгерістер туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-13-136 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 19 қазандағы "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
сессияның төрағасы
В. Журжа
      Қарасу аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігінің Мемлекеттік кірістер
      комитеті Қостанай облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер департаментінің
      Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік
      кірістер басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________ Ж.Сиитова
      "Қарасу ауданы әкімдігінің жер
      қатынастары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _____________ Д.Тұрсынбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады