Мәслихаттың 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 273 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 наурыздағы № 356 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 наурызда № 6244 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 2 ақпандағы № 197 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 02.02.2018 № 197 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 387 - бабының 1-тармағына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 273 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5577 тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381, 383-баптарында белгіленген автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станциялары, казино орналасқан үшін бөлінген, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығының мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы С. Дарбаев
      Қарасу аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Қазиев

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік

      кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ____________ Ж.Сиитова

      2016 жылғы 1 наурыз

      "Қарасу ауданы әкімдігінің жер

      қатынастары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _____________ Д.Тұрсынбаева

      2016 жылғы 1 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады