"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Меңдіқара аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2014 жылғы 7 ақпандағы № 205 "Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4470 тіркелген, 2014 жылғы 13 наурызда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған;
2) 2015 жылғы 18 тамыздағы № 340 "Мәслихаттың 2014 жылғы 7 ақпандағы № 205 "Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5873 тіркелген, 2015 жылғы 23 қыркүйекте "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | В. Кожуховская |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Қ. Арықов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай
облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Меңдіқара
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ А. Амантаев
2018 жылғы 4 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
"Меңдіқара ауданының
жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
____________ Ә. Қошанов
2018 жылғы 4 мамыр