Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 05.03.2022 № 113 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Мәслихаттың 2016 жылғы 16 мамырдағы № 23 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6380 тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы, аудандық мәслихаттың хатшысы | Г. Әбенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Науырзым ауданының жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________________ М. Мурзабеков
2018 жылғы "7" ақпан