Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 23 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 мамырда № 6380 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 162 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 07.02.2018 № 162 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексі, 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы
      аудандық мәслихаттың хатшысы Г. Әбенова

      "Науырзым ауданының жер

      қатынастары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________ М. Мурзабеков

      2016 жылғы "16" мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады