Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 162 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 ақпанда № 7546 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2022 жылғы 5 наурыздағы № 113 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 05.03.2022 № 113 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Мәслихаттың 2016 жылғы 16 мамырдағы № 23 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6380 тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы, аудандық мәслихаттың хатшысы Г. Әбенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Науырзым ауданының жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ______________________ М. Мурзабеков

      2018 жылғы "7" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады