Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 20.01.2020 № 331 шешімімен (халық саны екі мың адамнан көп ауылдық округ үшін 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз ауылдар, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы, аудандық мәслихаттың хатшысы | Г. Әбенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Науырзым ауданы Қарамеңді
ауылдық округінің әкімі
____________ М. Сейтжанов
2018 жылғы "21" мамыр
Мәслихаттың 2018 жылғы 21 мамырдағы № 189 шешiмiмен бекiтiлген |
Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиналысының регламентi
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиналысының регламентi (бұдан әрi – Регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 39-3-бабы 3-1-тармағына, "Жергiлiктi қоғамдастық жиналысының үлгi регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15630 тiркелген) бұйрығына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Регламентте қолданылатын негiзгi ұғымдар:
1) жергiлiктi қоғамдастық – шекараларында жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс iстейтiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тұратын тұрғындардың (жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң) жиынтығы;
2) жергiлiктi қоғамдастық жиналысы (бұдан әрi – жиналыс) – жергiлiктi қоғамдастық жиыны жiберген жергiлiктi қоғамдастық өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шекте және тәртiппен жергiлiктi маңызы бар ағымдағы мәселелердi шешуге қатысуы;
3) жергiлiктi маңызы бар мәселелер – реттелуi Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тұрғындарының басым бөлiгiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, ауылдық округ қызметiнiң мәселелерi;
4) жергiлiктi өзiн-өзi басқару – халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған тәртiппен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет;
5) жергiлiктi қоғамдастық жиналысының мүшесi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шекте және тәртiппен жергiлiктi маңызы бар ағымдағы мәселелердi шешуге жергiлiктi қоғамдастық жиыны жiберген жергiлiктi қоғамдастық өкiлi.
3. Жиналыс регламентiн аудан мәслихаты бекiтедi.
2-тарау. Жергiлiктi қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргiзу тәртiбi
4. Жиналыс жергiлiктi маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:
бағдарламалық құжаттардың, жергiлiктi қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Қарамеңді ауылдық округi (бұдан әрi – ауылдық округi) бюджетiнiң жобасын және бюджеттiң атқарылуы туралы есептi келiсу;
ауылдық округ әкiмi аппаратының ауылдық округтiң коммуналдық меншiгiн (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiн) басқару жөнiндегi шешiмдерiн келiсу;
бюджетiнiң атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергiлiктi қоғамдастық комиссиясын құру;
ауылдық округ бюджетiнiң атқарылуына жүргiзiлген мониторинг нәтижелерi туралы есептi тыңдау және талқылау;
ауылдық округтiң коммуналдық мүлкiн иелiктен шығаруды келiсу;
жергiлiктi қоғамдастықтың өзектi мәселелерiн, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын талқылау;
ауылдық округ әкiмiн сайлауды өткiзуге аудан мәслихатына одан әрi ұсыну үшiн ауылдық округ әкiмiнiң қызметiне Науырзым ауданының әкiмi ұсынған кандидатураларды келiсу;
ауылдық округтiң әкiмiн лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергiлiктi қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерi бойынша өткiзiледi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 14.11.2019 № 316 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Жиналысты ауылдық округ әкiмi дербес не ол жергiлiктi қоғамдастық жиыны (бұдан әрi – жиналыс мүшелерi) өкiлеттiк берген, жиналыс мүшелерiнiң кемiнде он пайызының бастамасы бойынша, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет шақырылуы мүмкiн.
Жиналыстың бастамашылары күн тәртiбiн көрсете отырып, әкiмге ерiктi нысанда жазбаша өтiнiшпен жүгiнедi.
Әкiм үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша өтiнiштi қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешiм қабылдайды.
6. Жиналысқа шақыру уақыты, шақырылым орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелерi жиналыс өткiзiлгенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсiлдермен хабардар етiледi.
Ауылдық округ әкiмінің аппараты жиналыстың қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелерiне және әкiмге жиналысқа шақырғанға дейiн күнтiзбелiк бес күннен кешiктiрмей ұсынады.
7. Жиналысты шақыру алдында ауылдық округ әкiмінің аппараты жиналысқа қатысушы мүшелердi тiркеудi өткiзедi, оның нәтижесiн әкiм немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкiлеттiк берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткiзу орны мен уақытын көрсете отырып енгiзедi.
Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерiнiң кемiнде жартысы қатысқан кезде өттi деп есептеледi.
8. Жиналысты шақыруды әкiм немесе ол уәкiлеттiк берген адам ашады.
Жиналысты шақыруды жүргiзу үшiн ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.
9. Жиналыстың күн тәртiбiн ауылдық округ әкiмiнiң аппараты жиналыс мүшелерi, тиiстi аумақтың әкiмi енгiзген ұсыныстар негiзiнде қалыптастырады.
Күн тәртiбiне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешiмдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.
Жиналысты шақырудың күн тәртiбi оны талқылау кезiнде толықтырылуы және өзгертiлуi мүмкiн.
Жиналысты шақырудың күн тәртiбiн жиналыс бекiтедi.
Күн тәртiбiнiң әрбiр мәселесi бойынша дауыс беру жеке өткiзiледi. Егер оған жиналыс мүшелерiнiң көпшiлiгi дауыс берсе, мәселе күн тәртiбiне енгiзiлдi деп есептеледi.
10. Жиналысты шақыруға олардың мәселелерi онда қаралатын аудан мәслихатының депутаттары, аудан әкiмi аппаратының, мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өкiлдерi шақырылуы мүмкiн. Сондай-ақ жиналысты шақыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерi қатыса алады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелерi болып табылмайды және шешiмдердi қабылдау кезiнде дауыс беруге қатыспайды.
11. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшiн және жиналысқа шақыруды өткiзу тәртiбi бойынша сөз сөйлеу регламентiн төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшiн уақыт бөлiнедi. Егер сөз сөйлеушi бөлiнген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзiн тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң келiсiмiмен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.
Жиналыс мүшесi бiр мәселе бойынша екi реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегi жиналыс мүшелерiнiң сауалдары, түсiндiру және сұрақтарға жауап беру үшiн сөйлеулерi сөз сөйлеу деп есептелмейдi. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына берiледi және жиналыс шақырылымында жарияланады.
Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерiнiң дәлелдi ұсыныстары бойынша үзiлiстер жариялай алады.
Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелерiне қысқа мәлiмдемелер немесе хабарламалар жасау үшiн уақыт берiледi, олар бойынша жарыссөз болмайды.
3-тарау. Жергiлiктi қоғамдастық жиналысының шешiмдер қабылдау тәртiбi
12. Жиналыс өзiнiң құзiретi шеңберiнде шақырылымға қатысушы жиналыс мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен шешiм қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешушi дауыс беру құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешiмi хаттамамен рәсiмделедi, онда:
1) жиналыстың өткiзiлген күнi мен орны;
2) жиналыс мүшелерiнiң саны және тiзiмi;
3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) көрсетiлген тiзiм;
4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртiбi, сөйленген сөздердiң қысқаша мазмұны және қабылданған шешiмдер көрсетiледi.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және екi жұмыс күнi iшiнде ауылдық округ әкiмiне берiледi.
13. Жиналыста қабылданған шешiмдердi ауылдық округ әкiмi бес жұмыс күнi мерзiмiнде қарайды.
Әкiм жергiлiктi қоғамдастық жиналысының шешiмiне келiспеушiлiгiн бiлдiруге құқылы, осындай келiспеушiлiк тудырған мәселелер Регламенттiң 2-тарауында көзделген тәртiпте қайта талқылау жолымен шешiледi.
Ауылдық округ әкiмiнiң келiспеушiлiгiн тудырған мәселелердi шешу мүмкiн болмаған жағдайда, мәселенi жоғары тұрған әкiм аудан мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешедi.
14. Ауылдық округ әкiмi аппараты ауылдық округ әкiмiнiң жиналыс шешiмдерiн қарау нәтижелерiн бес жұмыс күн iшiнде жиналыстың мүшелерiне жеткiзедi.
15. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару органдары, лауазымды адамдар өкiлеттiктерi шегiнде жиналысты шақыруда қабылданған және ауылдық округ әкiмi мақұлдаған шешiмдердiң орындалуын қамтамасыз етедi.
16. Жиналысты шақыруда қабылданған шешiмдердi ауылдық округ әкiмiнiң аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен таратады.
4-тарау. Жергiлiктi қоғамдастық жиналысы шешiмдерiнiң орындалуын бақылау
17. Жиналыста жүйелi түрде жиналыстың шешiмдерiн орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.
18. Шешiмдердi орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиiстi ақпарат хаттамаға енгiзiледi, оны жиналыстың төрағасы аудан әкiмiне немесе жиналыстың шешiмiн орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.
Қабылданған шешiмдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс аудан әкiмi немесе тиiстi лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.