Мәслихаттың 2018 жылғы 21 мамырдағы № 189 "Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 316 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қарашада № 8785 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 331 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 20.01.2020 № 331 шешімімен (халық саны екі мың адамнан көп ауылдық округ үшін 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз ауылдар, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 21 мамырдағы № 189 шешіміне (2018 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7788 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      4-тармақтың он бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрайымы М. Ермағамбетова
      Науырзым аудандық мәслихатының хатшысы Г. Әбенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады