Павлодар ауданы Ольгинка ауылының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 35/183 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 шілдеде № 6020 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 2/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 14.04.2023 № 2/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" № 295 бұйрығына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімінің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар ауданы Ольгинка ауылының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін.

      2. Осы шешімінің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім халық саны екі мың адам және одан аз Ольгинка ауылы, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Регламенттің 4-тармағының 1) – 6) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Ә. Абылғазинова
      Мәслихат хатшысы А. Шайхимов

  Павлодар аудандық
мәслихатының 2018 жылғы
29 маусымдағы № 35/183
шешіміне
1-қосымша

Павлодар ауданы Ольгинка ауылының, ауылдық округтерінің
жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар ауданы Ольгинка ауылының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" № 295 бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 06.10.2021 № 12/59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

      3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты ауыл, ауылдық округ қызметінің мәселелері;

      4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;

      5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.

      3. Жиналыс регламентін Павлодар аудандық мәслихаты (бұдан әрі – аудандық мәслихат) бекітеді.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі

      4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:

      1) бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      2) Ольгинка ауылы, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      3) Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкімі аппаратының Ольгинка ауылының, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;

      4) Ольгинка ауылы, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      5) Ольгинка ауылы, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      6) Ольгинка ауылының, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      7) жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      8) Ольгинка ауылының, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін Павлодар аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Павлодар ауданы әкімінің Ольгинка ауылының, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      9) Ольгинка ауылының, ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      11) жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 06.10.2021 № 12/59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Жиналысты Ольгинка ауылының, ауылдық округ әкiмі дербес не ол жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы мүмкін.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, Ольгинка ауылының, ауылдық округ әкіміне ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.

      Ольгинка ауылының, ауылдық округ әкімі үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.

      6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.

      Ольгинка ауылының, ауылдық округтің әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 06.10.2021 № 12/59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Жиналысты шақыру алдында Ольгинка ауылының, ауылдық округтің әкім аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін әкім немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.

      Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жиналысты шақыруды Ольгинка ауылының, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

      Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.

      9. Жиналыстың күн тәртібін Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, тиісті аумақтың әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.

      Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.

      Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

      10. Жиналысты шақыруға олардың мәселелері онда қаралатын аудан мәслихатының депутаттары, аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ жиналысты шақыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      11. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

      Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.

      Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.

      Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.

3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі

      12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Павлодар аудандық мәслихатының қарауына беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 06.10.2021 № 12/59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Ольгинка ауылының, ауылдық округтің әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер осы регламентте көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.

      Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім аудан мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 06.10.2021 № 12/59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Ольгинка ауылының, ауылдық округ әкім аппараты Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкімінің жиналыс шешімдерін қарау нәтижелерін бес жұмыс күн ішінде жиналыстың мүшелеріне жеткізеді.

      15. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және Ольгинка ауылының, ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      16. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.

4-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау

      17. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.

      18. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы Павлодар ауданы әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.

      Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс аудан әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.

  Павлодар
аудандық мәслихатының
2018 жылғы 29 маусымдағы
№ 35/183 шешіміне
2-қосымша

Павлодар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Павлодар аудандық мәслихатының (6 сайланған 29 кезектен тыс сессиясы) 2018 жылғы 28 ақпандағы "Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 29/159 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5914 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Павлодар аудандық мәслихатының (6 сайланған 29 кезектен тыс сессиясы) 2018 жылғы 28 ақпандағы "Павлодар ауданы Заря ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 29/160 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5917 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Павлодар аудандық мәслихатының (6 сайланған 29 кезектен тыс сессиясы) 2018 жылғы 28 ақпандағы "Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 29/161 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5915 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. Павлодар аудандық мәслихатының (6 сайланған 29 кезектен тыс сессиясы) 2018 жылғы 28 ақпандағы "Павлодар ауданы Луганск ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 29/162 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. Павлодар аудандық мәслихатының (6 сайланған 29 кезектен тыс сессиясы) 2018 жылғы 28 ақпандағы "Павлодар ауданы Мичурино ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 29/163 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5911 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. Павлодар аудандық мәслихатының (6 сайланған 29 кезектен тыс сессиясы) 2018 жылғы 28 ақпандағы "Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 29/164 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5913 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. Павлодар аудандық мәслихатының (6 сайланған 29 кезектен тыс сессиясы) 2018 жылғы 28 ақпандағы "Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 29/165 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5912 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Павлодар аудандық мәслихатының (6 сайланған 30 кезекті сессиясы) 2018 жылғы 27 наурыздағы "Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 30/169 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5943 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Об утверждении регламента собрания местного сообщества села Ольгинка, сельских округов Павлодарского района

Решение маслихата Павлодарского района Павлодарской области от 29 июня 2018 года № 35/183. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 17 июля 2018 года № 6020. Утратило силу решением Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 14 апреля 2023 года № 2/15

      Сноска. Утратило силу - решением Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 14.04.2023 № 2/15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 11 июля 2017 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам развития местного самоуправления", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества", Павлодарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить регламент собрания местного сообщества села Ольгинка, сельских округов Павлодарского района (далее - Регламент) согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Павлодарского районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам социальной сферы, законности, соблюдения прав граждан.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением подпунктов 1) – 6) пункта 4 Регламента, которые вводятся в действие для села Ольгинка, сельских округов с численностью населения две тысячи и менее человек с 1 января 2020 года.

      Председатель сессии А. Абылгазинова
      Секретарь маслихата А. Шайхимов

  Приложение 1
к решению Павлодарского
районного маслихата
от 29 июня 2018 года № 35/183

Регламент собрания местного сообщества села Ольгинка,
сельских округов Павлодарского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий регламент собрания местного сообщества села Ольгинка, сельских округов Павлодарского района (далее - Регламент) разработан в соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее – Закон), приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества".

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 06.10.2021 № 12/59 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Основные понятия, которые используются в настоящем Регламенте:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) собрание местного сообщества (далее – собрание) – участие представителей местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества, в решении текущих вопросов местного значения в пределах и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан;

      3) вопросы местного значения – вопросы деятельности села, сельского округа, регулирование которых в соответствии с Законом и иными законодательными актами Республики Казахстан связано с обеспечением прав и законных интересов большинства жителей соответствующей административно-территориальной единицы;

      4) местное самоуправление – деятельность, осуществляемая населением непосредственно, а также через маслихаты и другие органы местного самоуправления, направленная на самостоятельное решение вопросов местного значения под свою ответственность, в порядке, определяемом Законом, иными нормативными правовыми актами;

      5) член собрания местного сообщества – представитель местного сообщества, делегированный сходом местного сообщества, в решении текущих вопросов местного значения в пределах и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан.

      3. Регламент собрания утверждается маслихатом Павлодарского района (далее – маслихат района).

Глава 2. Порядок проведения созыва собрания местного сообщества

      4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      1) обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      2) согласование проекта бюджета села Ольгинка, сельского округа и отчета об исполнении бюджета;

      3) согласование решений аппарата акима села Ольгинка, сельского округа по управлению коммунальной собственностью села Ольгинка, сельского округа (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      4) образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета села Ольгинка, сельского округа;

      5) заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета села Ольгинка, сельского округа;

      6) согласование отчуждения коммунального имущества села Ольгинка, сельского округа;

      7) обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, затрагивающих права и свободы граждан;

      8) согласование представленных акимом Павлодарского района кандидатур на должность акима села Ольгинка, сельского округа для дальнейшего внесения в Павлодарскую районную избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы села Ольгинка, сельского округа;

      9) инициирование вопроса об освобождении от должности акима села Ольгинка, сельского округа;

      10) внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      11) другие текущие вопросы местного сообщества.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным решением Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 06.10.2021 № 12/59 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      5. Собрание может созываться акимом села Ольгинка, сельского округа самостоятельно либо по инициативе не менее десяти процентов членов собрания, делегированных сходом местного сообщества (далее – члены собрания), но не реже одного раза в квартал.

      Инициаторы собрания в произвольной форме письменно обращаются акиму села Ольгинка, сельского округа с указанием повестки дня.

      Аким села Ольгинка, сельского округа в течение трех рабочих дней рассматривает письменное обращение и принимает решение о созыве собрания с указанием места и времени созыва.

      6. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима села Ольгинка, сельского округа не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде или в форме электронного документа.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным решением Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 06.10.2021 № 12/59 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      7. Перед началом созыва собрания аппаратом акима села Ольгинка, сельского округа проводится регистрация присутствующих членов собрания, ее результаты оглашаются акимом или уполномоченным им лицом перед началом созыва собрания и заносятся в протокол собрания с указанием места и времени проведения созыва.

      Созыв собрания считается состоявшимся при участии в нем не менее половины членов собрания.

      8. Созыв собрания открывается акимом села Ольгинка, сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Для ведения созыва собрания открытым голосованием избираются председатель и секретарь собрания.

      9. Повестка дня собрания формируется аппаратом акима села Ольгинка, сельского округа на основе предложений, вносимых членами собрания, акимом соответствующей территории.

      В повестку дня включаются вопросы о ходе и (или) исполнения решений, принятых на предыдущих созывах собрании.

      Повестка дня созыва собрания может быть дополнена и изменена при ее обсуждении.

      Повестка дня созыва собрания утверждается собранием.

      Голосование по каждому вопросу повестки дня проводится раздельно. Вопрос считается внесенным в повестку дня, если за него проголосовало большинство присутствующих членов собрания.

      10. На созыв собрания могут приглашаться депутаты маслихата района, представители аппарата акима района, государственных учреждений и предприятий, а также физических и юридических лиц, вопросы которых рассматриваются на созыве собрания. Также на созыве собрания могут присутствовать представители средств массовой информации и общественных объединений.

      Приглашенные лица, указанные в части первой настоящего пункта, не являются членами собрания и не участвуют в голосовании при принятии решений.

      11. Регламент выступлений на созывах собраний для докладов, содокладов, выступлений в прениях и по порядку ведения созыва собрания определяется председателем. Докладчикам и содокладчикам отводится время для ответов на вопросы. В случае если выступающий превысил отведенное время, председатель собрания прерывает его выступление или с согласия большинства присутствующих на созыве членов собрания продлевает время для выступления.

      Член собрания может выступить по одному и тому же вопросу не более двух раз. Не считаются выступлениями в прениях обращения членов собрания, выступления для дачи пояснений и ответов на вопросы. Вопросы докладчикам задаются в письменном или устном виде. Письменные вопросы предоставляются председателю собрания и оглашаются на созыве собрании.

      Председатель собрания может объявлять перерывы по собственной инициативе или по мотивированному предложению членов собрания.

      В конце собрания отводится время для выступления членов собрания с краткими заявлениями и сообщениями, прения по которым не открываются.

Глава 3. Порядок принятия решений собранием местного сообщества

      12. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней передается акиму села Ольгинка, сельского округа, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима села Ольгинка, сельского округа.

      Протокол собрания местного сообщества с решением об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима села Ольгинка, сельского округа подписывается председателем и секретарем собрания и в течение пяти рабочих дней передается на рассмотрение в Павлодарский районный маслихат.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции решения Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 06.10.2021 № 12/59 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом села Ольгинка, сельского округа в срок не более пяти рабочих дней.

      Аким села Ольгинка, сельского округа вправе выразить несогласие с решением собрания местного сообщества, которое разрешается путем повторного обсуждения вопросов, вызвавших такое несогласие в порядке, предусмотренном настоящим Регламентом.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима села Ольгинка, сельского округа, вопрос разрешается вышестоящим акимом после его предварительного обсуждения на заседании маслихата района.

      Сноска. Пункт 13 с изменением, внесенным решением Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 06.10.2021 № 12/59 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      14. Результаты рассмотрения акимом села Ольгинка, сельского округа решений собрания доводятся аппаратом акима села Ольгинка, сельского округа до членов собрания в течение пяти рабочих дней.

      15. Органы местного государственного управления и самоуправления, должностные лица в пределах полномочий обеспечивают исполнение решений, принятых на созыве собрания и одобренных акимом села Ольгинка, сельского округа.

      16. Решения, принятые на созыве собрания, распространяются аппаратом акима села Ольгинка, сельского округа через средства массовой информации или иными способами.

Глава 4. Контроль за исполнением решений собрания местного сообщества

      17. На собрании регулярно заслушиваются информации лиц ответственных за исполнение решений собрания.

      18. В случае неисполнения или некачественного исполнения решений, соответствующая информация вносится в протокол, который председателем собрания направляется акиму Павлодарского района или вышестоящим руководителям должностных лиц ответственных за исполнение решений собрания.

      В случае повторного неисполнения или некачественного исполнения принятых решений, собрание инициирует вопрос об ответственности должностных лиц перед акимом района или вышестоящим руководством соответствующих должностных лиц.

  Приложение 2
к решению Павлодарского
районного маслихата
от 29 июня 2018 года № 35/183

Перечень некоторых утративших силу решений Павлодарского районного маслихата

      1. Решение Павлодарского районного маслихата (29 внеочередная сессия, 6 созыв) от 28 февраля 2018 года № 29/159 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Григорьевского сельского округа Павлодарского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5914, опубликованное 28 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      2. Решение Павлодарского районного маслихата (29 внеочередная сессия, 6 созыв) от 28 февраля 2018 года № 29/160 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Заринского сельского округа Павлодарского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5917, опубликованное 28 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Решение Павлодарского районного маслихата (29 внеочередная сессия, 6 созыв) от 28 февраля 2018 года № 29/161 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Кенесского сельского округа Павлодарского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5915, опубликованное 28 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      4. Решение Павлодарского районного маслихата (29 внеочередная сессия, 6 созыв) от 28 февраля 2018 года № 29/162 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Луганского сельского округа Павлодарского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5918, опубликованное 28 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      5. Решение Павлодарского районного маслихата (29 внеочередная сессия, 6 созыв) от 28 февраля 2018 года № 29/163 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Мичуринского сельского округа Павлодарского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5911, опубликованное 28 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      6. Решение Павлодарского районного маслихата (29 внеочередная сессия, 6 созыв) от 28 февраля 2018 года № 29/164 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Рождественского сельского округа Павлодарского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5913, опубликованное 28 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      7. Решение Павлодарского районного маслихата (29 внеочередная сессия, 6 созыв) от 28 февраля 2018 года № 29/165 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Черноярского сельского округа Павлодарского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5912, опубликованное 28 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      8. Решение Павлодарского районного маслихата (30 очередная сессия, 6 созыв) от 27 марта 2018 года № 30/169 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Красноармейского сельского округа Павлодарского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5943, опубликованное 16 апреля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).