Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы "Павлодар ауданы Ольгинка ауылының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 35/183 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қазандағы № 12/59 шешімі

      Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы "Павлодар ауданы Ольгинка ауылының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 35/183 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6020 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар ауданы Ольгинка ауылының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Павлодар ауданы Ольгинка ауылының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" № 295 бұйрығына сәйкес әзірленді.";

      4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Ольгинка ауылының, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін Павлодар аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Павлодар ауданы әкімінің Ольгинка ауылының, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Павлодар аудандық мәслихатының қарауына беріледі.";

      13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы А. Шайхимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады