Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы "Павлодар ауданы Ольгинка ауылының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 35/183 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6020 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Шугаев |