Дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVIII сессиясының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 234 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 маусымда № 1487 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 18 қыркүйектегі № 94 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.09.2021 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды орфандық және сирек кездесетін аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымша тегін берілсін.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VІ сайланған Алматы
қаласы мәслихаты кезектен
тыс XXVIII сессиясының
төрағасы
Б. Садықов
      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

  VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихаты кезектен тыс
XXVIII сессиясының
2018 жылғы 24 мамырдағы
№ 234 шешіміне қосымша

Орфандық және сирек кездесетін аурулары бар азаматтардың жекелеген
санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін берілетін дәрілік
заттар, бейімделген емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар

Дәрiлiк заттардың атауы

Өтініштің нысаны

1.

"Ботулотоксина А"

дәрілік зат

2.

"Энтерацепт (Энбрел)"

дәрілік зат

3.

"Ривароксабан (Ксарелто)"

дәрілік зат

4.

"Гиалуронат натрия"

медициналық мақсаттағы бұйым

5.

"Вандетаниб (Капрелса)"

дәрілік зат

6.

"Ритуксимаб (Мабтера)"

дәрілік зат

7.

Целиакиямен ауыратын науқастарға арналған бейімделген тағам

бейімделген тағам


О дополнительном предоставлении лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, изделий медицинского назначения

Решение внеочередной XXVIII сессии маслихата города Алматы VІ созыва от 24 мая 2018 года № 234. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 8 июня 2018 года № 1487. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 18 сентября 2021 года № 94

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 18.09.2021 № 94 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 9 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", маслихат города Алматы VI - го созыва РЕШИЛ:

      1. Дополнительно предоставить лекарственные средства, специализированные лечебные продукты, изделия медицинского назначения отдельным категориям граждан больных орфанными и редкими заболеваниями при амбулаторном лечении бесплатно, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Аппарату Маслихата города Алматы обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции с последующим опубликованием в официальных и периодических печатных изданиях, а также в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на официальном интернет-ресурсе.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по социально - культурному развитию маслихата города Алматы Садыкова Б.Н.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
XXVIII-й cессии маслихата
города Алматы VI-го созыва
Б. Садыков
      Секретарь маслихата города
Алматы VI-го созыва
К. Казанбаев

  Приложение
к решению внеочередной
XXVIII-й cессии маслихата
города Алматы VI-го созыва
от 24 мая 2018 года № 234

Предоставляемые лекарственные средства, специализированные лечебные
продукты, изделия медицинского назначения отдельным категориям граждан
больных орфанными и редкими заболеваниями при амбулаторном лечении бесплатно

Наименование лекарственных средств

Форма обращения

1.

"Ботулотоксина А"

лекарственное средство

2.

"Энтерацепт (Энбрел)"

лекарственное средство

3.

"Ривароксабан (Ксарелто)"

лекарственное средство

4.

"Гиалуронат натрия"

изделие медицинского назначения

5.

"Вандетаниб (Капрелса)"

лекарственное средство

6.

"Ритуксимаб (Мабтера)"

лекарственное средство

7.

Специализированное питание для пациентов с Целиакией

специализированное питание