Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.09.2021 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды орфандық және сирек кездесетін аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымша тегін берілсін.
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты кезектен тыс XXVIII сессиясының төрағасы |
Б. Садықов |
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты кезектен тыс XXVIII сессиясының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 234 шешіміне қосымша |
Орфандық және сирек кездесетін аурулары бар азаматтардың жекелеген
санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін берілетін дәрілік
заттар, бейімделген емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар
№ | Дәрiлiк заттардың атауы | Өтініштің нысаны |
1. | "Ботулотоксина А" | дәрілік зат |
2. | "Энтерацепт (Энбрел)" | дәрілік зат |
3. | "Ривароксабан (Ксарелто)" | дәрілік зат |
4. | "Гиалуронат натрия" | медициналық мақсаттағы бұйым |
5. | "Вандетаниб (Капрелса)" | дәрілік зат |
6. | "Ритуксимаб (Мабтера)" | дәрілік зат |
7. | Целиакиямен ауыратын науқастарға арналған бейімделген тағам | бейімделген тағам |