Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мəслихатының 26.11.2019 № 34-7 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 39-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 ақпандағы № 3629 болып тіркелді, 2016 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық ақтілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың 2) тармақшасы орыс тілінде келесі редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"2) возмещение затрат на обучение детей с ограниченными возможностями назначается с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении психолого-медико-педагогической консультации;".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Аққайың ауданы | |
мәслихатының | |
ХVIII сессиясының төрағасы | А. Өтебаев |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Аққайың ауданы | |
мәслихатының хатшысы | С. Мұқанов |