Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 39-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 ақпанда N 3629 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 34-7 (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мəслихатының 26.11.2019 № 34-7 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 16 бабы 4) тармақшасына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі-кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсанда 6,5 айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде айқындалсын.
      2. Мынадай тәртіп айқындалсын:
      1) үйде оқытылатын кемтар балаларға шығындарды өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай беріледі;
      2) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзімі аяқталғанына дейін өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
      3) шығындарды өндіріп алу қаржыландыруға сәйкес ағымдағы тоқсан үшін жүргізіледі. Шығындарды төлеуді тоқтатуын туғызатын жағдайлар басталған кезде (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Ескерту. 2-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 26.02.2018 № 18-4 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V шақырылған ХХХVIХ сессия
төрағасы
А. Фильберт
      Аққайың ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Құрманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады