"Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 39-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 18-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 наурызда № 4599 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 34-7 (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мəслихатының 26.11.2019 № 34-7 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 39-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 ақпандағы № 3629 болып тіркелді, 2016 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық ақтілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      2 тармақтың 2) тармақшасы орыс тілінде келесі редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

      "2) возмещение затрат на обучение детей с ограниченными возможностями назначается с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении психолого-медико-педагогической консультации;".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданы
      мәслихатының
      ХVIII сессиясының төрағасы А. Өтебаев
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданы
      мәслихатының хатшысы С. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады