Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 34-7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 5696 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы маслихатының 2021 жылғы 19 қазандағы № 6-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы маслихатының 19.10.2021 № 6-4 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 4-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі айқындалсын:

      1) өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады;

      2) шығындарын өндіріп алу "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

      3) үйде оқытылатын кемтар балаларға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай беріледі;

      4) шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзімі аяқталғанына дейін өтініш берген айдан бастап тағайындалады;

      5) қаржыландыруға сәйкес шығындарын өндіріп алу ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Төлем ай сайын "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен ұсынылатын кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуды растайтын тізімдерге сәйкес жүргізіледі;

      6) шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат үйінде немесе санаториялық мектепте оқып жатқан кезеңінде, әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын әрбір балаға үш айлық есептік көрсеткіш болып айқындалсын.

      3. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 39-2 шешімі (2016 жылғы 24 ақпанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық ақтілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3629 болып тіркелген);

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 39-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 26 ақпандағы № 18-4 шешімі (2018 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық ақтілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4599 болып тіркелген).

      4. Осы шешім ресми жариялануы тиіс және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
мәслихатының
ХХXIV сессиясының төрағасы
Т. Рамазанов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
мәслихатының хатшысы
С. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады