Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мəслихатының 14.04.2020 № 6-41-2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мəслихатының 14.04.2020 № 6-41-2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.05.2023 № 8-3-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.1. . Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 12.05.2023 № 8-3-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 12.05.2023 № 8-3-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Айыртау аудандық мәслихатың кейбір шешімдерінің күші жойылғаны танылсын.
4. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 31.05.2018 № 6-20-3 (шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Солтүстік Қазақстан облысының | |
Айыртау аудандық мәслихаттың | |
ХVIIІ сессиясының төрағасы | А.Байтенов |
Солтүстік Қазақстан облысының | |
Айыртау аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Б. Жанахметов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-4 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының күші жойылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 4-14-4 "Жер салығы ставкаларын жоғарылату туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-3-98 тіркелген, "Айыртауские зори" және "Айыртау таңы" газеттерінде 2009 жылғы 22 мамырда жарияланған);
2) "Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 4-14-4 "Жер салығы ставкаларын жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 5-38-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3281 тіркелген, "Айыртауские зори" және "Айыртау таңы" газеттерінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланған).
3) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 4-14-4 "Жер салығы ставкаларын жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 5-44-8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3586 тіркелген, "Айыртауские зори" және "Айыртау таңы" газеттерінде 2016 жылғы 26 қаңтарда жарияланған).