"Айыртау ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 6-20-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 мамырда № 4741 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Айыртау ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4695 тіркелген, 2018 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық мәслихатының
      ХX сессиясының төрағасы Е.Ақмолдин
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық мәслихатының
      хатшысы Б. Жанахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады