"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Жеке төлем түрлері бойынша төлем мөлшерлері туралы" Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының 2008 жылдың 27 наурыздағы № 5-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-4-70 болып тіркелді, 2008 жылғы 17 мамырдағы "Дала дидары" газетінде жарияланған);
2) "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5-3 "Жеке төлем түрлері бойынша төлем мөлшерлері туралы" сессия шешіміне өзгертулер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының 2009 жылдың 6 тамыздағы № 18-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-4-90 болып тіркелді, 2009 жылғы 12 қыркүйектегі "Дала дидары" газетінде, 2009 жылғы 12 қыркүйектегі "Акжар-хабар" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының | |
Ақжар аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | А. Көпеев |
Солтүстік Қазақстан облысының | |
Ақжар аудандық мәслихатының | |
Хатшысы | А. Хоршат |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ақжар ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ Ж. Сағатов
2018 жылы 13 сәуір