Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 26-6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 мамырда № 4702 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жеке төлем түрлері бойынша төлем мөлшерлері туралы" Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының 2008 жылдың 27 наурыздағы № 5-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-4-70 болып тіркелді, 2008 жылғы 17 мамырдағы "Дала дидары" газетінде жарияланған);

      2) "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5-3 "Жеке төлем түрлері бойынша төлем мөлшерлері туралы" сессия шешіміне өзгертулер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының 2009 жылдың 6 тамыздағы № 18-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-4-90 болып тіркелді, 2009 жылғы 12 қыркүйектегі "Дала дидары" газетінде, 2009 жылғы 12 қыркүйектегі "Акжар-хабар" газетінде жарияланған).

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Ақжар аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы А. Көпеев
      Солтүстік Қазақстан облысының
      Ақжар аудандық мәслихатының
      Хатшысы А. Хоршат

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитетінің

      Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Ақжар ауданы бойынша

      Мемлекеттік кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________ Ж. Сағатов

      2018 жылы 13 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады