Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5-3 "Жеке төлем түрлері бойынша төлем мөлшерлері туралы" сессия шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 тамыздағы N 18-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 қыркүйекте N 13-4-90 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 26-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 13.04.2018 № 26-6 (бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы № 100-IV "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін іске асыру туралы" Заңынның 36-бабына сәйкес Ақжар аудандық мәслихат сессиясы ШЕШТІ:

      1. "Жеке төлем түрлері бойынша төлем мөлшерлері туралы" 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5-3 аудандық мәслихат сессиясы шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін. (2008 жылы 29 сәуірде Әділет басқармасында № 13-4-70 тіркелген және 2008 жылы 17 мамырда "Дала дидары" газетінің 20 санында жарияланған)

      2. "Жеке төлем түрлері бойынша төлем мөлшерлері туралы" 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5-3 аудандық мәслихат сессиясы шешімінің № 1 қосымшасынан келесі кейбір қызмет түрлері алынып тасталсын.

      - автокөліктерді әкелуге байланысты қызметтер;

      - жеке автокөлік иелеріне жолаушылар тасымалдауға байланысты қызмет; (лицензиясы бар тасымалдаушыларды қоспағанда)

      1) аудандық;

      2) халықаралық

      - жеке автокөлік иелеріне қалаішілік, аудандық, халықаралық жүк тасымалдауға байланысты қызмет; (лицензиясы бар тасымалдаушыларды қоспағанда)

      1) 5 тоннаға дейін;

      2) 10 тоннаға дейін;

      3) 15 тоннадан жоғары;

      2. Осы шешім редакцияда ресми мазмұндалған күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Сессия төрағасы Е. Жақыпов
      Аудандық мәслихат
      хатшысы М. Жұмабаев
      Келісілді:
      Ақжар аудандық салық
      басқармасының бастығы М. Тоқышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады