Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің 12.10.2018 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының міндетін атқарушының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 09-08/166 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі Буденное ауылының "Новоишимская Нива" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығы фермасының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | М. Дүйселеков |