Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қазанда № 4937 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабының 8) тармақшасына сәйкес, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 09-08/287 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі Буденное ауылының "Новоишимская Нива" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығы фермасының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринарлық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 08 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4829 болып тіркелді, 2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) күші жойылсын деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Нежинка округінің әкімі М. Дүйселеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады