Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 08 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 шілдеде № 4829 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің 12.10.2018 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының міндетін атқарушының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 09-08/166 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі Буденное ауылының "Новоишимская Нива" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығы фермасының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі М. Дүйселеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады