"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 2 "Тайынша ауданы Чермошнян селолық округі Многоцветное селосының көшелерін қайта атау туралы" шешіміне (13-11-209 нөмірлі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде тіркелді) келесі өзгерістерді енгізу:
қазақ тіліндегі шешiм атауы және мәтін бойынша "селолық", "селосының", "селосындағы" сөздері "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің атауы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округтің әкімі | М. Хамзин |