Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі Многоцветное ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян селолық округі әкімінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі N 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 мамырда N 13-11-209 тіркелді.

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селолық", "селосының", "селосындағы" сөздері "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің 26.06.2018 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып ауылдық округтің әкімі ШЕШТІ:

      1. Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі Многоцветное ауылындағы Центральная көшесі Қасен Қасымхановтың атындағы көше болып қайта аталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округтің әкімі Т. Валиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады