"Тайынша ауданы Чермошнян селолық округі Многоцветное селосының көшелерін қайта атау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 16 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 4821 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 2 "Тайынша ауданы Чермошнян селолық округі Многоцветное селосының көшелерін қайта атау туралы" шешіміне (13-11-209 нөмірлі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде тіркелді) келесі өзгерістерді енгізу:

      қазақ тіліндегі шешiм атауы және мәтін бойынша "селолық", "селосының", "селосындағы" сөздері "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі шешімнің атауы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округтің әкімі М. Хамзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады